Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда аялдамада тұрғынды тонап кеткен қарақшы ұсталды

Таразда аялдамада тұрғынды тонап кеткен қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғаның Б.Момышұлы көшесінде орналасқан аялдамасында құны 53 000 теңге тұратын Redmi маркалы ұялы телефонын алып, белгісіз бағытқа қашып кеткендігі туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру