Павлодар облысында ЖҚЕ бұзғандар анықталды
Павлодар облысында жол ережелерін бұзғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8-17 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 308 автокөлікті тоқтатты, оның ішінде 32 автокөлік ресейлік есепке алынған. Тексеру барысында 23 автокөлік Ресей Федерациясындағы тіркеу есебінен шығарылғаны, бірақ Қазақстан Республикасында пайдаланылатыны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін аталған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
Мәселен, Павлодар қаласындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін ВАЗ-2115 маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісін ұстады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тас жолда жылдамдық режимін асырғаны үшін ВАЗ-2106 автокөлігін ұстады. 43 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.
9 қарашада Ақсу қаласында полиция қызметкерлері Lada-2170 маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісін қозғалыс кезінде ұялы телефонын пайдаланғаны үшін ұстады. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Сонымен қатар, тексеру кезінде барлық автомашиналар Ресей Федерациясында тіркеу есебінде тұрмайтыны, бірақ Қазақстан Республикасында пайдаланылатыны анықталды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.