Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында Ресейде тіркелген көліктердің қатысуымен 72 ЖКО орын алды

Павлодар облысында Ресейде тіркелген көліктердің қатысуымен 72 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері шетелдік автокөліктердің қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды тұрақты түрде тіркеуде.

– Ағымдағы жылы біздің облыс аумағында ғана Ресей Федерациясында тіркелген көлік құралдарының қатысуымен 72 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 3 адам қаза тапты, тағы 81 адам жарақат алды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, Екібастұз қаласында 2021 жылдың мамыр айында жүргізуші шетелдік тіркеу нөмірлері бар Lada-217030 маркалы автокөлікті басқарып, жылдамдықты асыра отырып, М.Жүсіп көшесі бойымен жол жиегімен ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Көлік айып тұрағына қойылды. Анықталғандай, автокөлік Ресей Федерациясындағы тіркеу есебінен шығарылған, бірақ Қазақстан Республикасында пайдаланылған. Жүргізушілері Қазақстанда көлікті тіркеуге асықпайтын көліктер құқықтық алаңнан тыс болады.

Бұл жағдайда «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңға сәйкес залалды өтеу қарастырылмаған, өйткені бұл көлік құралы Ресей Федерациясында есептен шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру