Қызылордада автокөлік жөндеу орталығынан Nissan Teana көлігі ұрланды
Қызылордада автокөлік жөндеу орталығынан Nissan Teana көлігі ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала орталығында орын алған көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты.
Қараша айының 8 күні сағат 09:00-12:30 шамасында белгісіз адам қала орталығында орналасқан автокөлік жөндеу орталығында тұрған Nissan Teana көлігін айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.
Жедел басқару орталығына айдап әкетушіні ұстау үшін хабарлама берілді, кезекшілікке түскен қызметкерлер қала көшелерінде өрескел бұзушылықтар жасап жүрген ұрланған көлікті анықтады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 35 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.