Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық жанжал шығарған павлодарлық жауапқа тартылды

Отбасылық жанжал шығарған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 1 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер облыс тұрғындарының 170 мыңға жуық үйі мен пәтерлерін аралап шықты.

– Полицейлердің күнделікті міндеті – азаматтарға тұрғылықты жері бойынша бару, қылмыс пен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесу. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу қазірдің өзінде өз нәтижелерін беруде. Іс-шара барысында 3,5 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Тәртіп сақшысы атап өткендей, абаттандыру ережелерін және қорғау нұсқамасын бұзу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда темекі шегу мен спирттік ішімдіктерді ішу фактілері анықталған. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары азаматтық атыс қаруының иелерін назарға алды. 5 мыңнан астам атыс қаруының иелері тексеріліп, нәтижесінде сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 15 бірлік қару тәркіленді.

Мысалы, полицейлер жұбайына жанжал шығарған павлодарлықты ҚР ӘҚБК 461-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Материал сотта қаралды. Павлодар қаласының әкімшілік соты ер адамға 3 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза шығарды.

Айта кетейік, аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары 300-ден астам отбасылық жанжалдарды анықтады, олардың барлығы есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру