Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД қызметкерлері қызмет бабында қаза болған полицейді еске алды
Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД қызметкерлері қызмет бабында қаза болған полицейді еске алу шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Аршалы кентінде ЕЦ-166/5 мекемесінің басшылығы және жеке құрамы қызмет бабында қаза болған Николай Голованчукты еске алу шарасын өткізді.
Николай Голованчук 1946 жылы Киев облысында дүниеге келген. 1969 жылы Вишневка партиясының аудандық комиссариаты Н.Голованчукты ІІО қызметке жіберген. ЕЦ-166/5 мекемесінде КБКК, жасақ бастығы, жедел бөлімінің инспекторы лауазымдарында қызмет атқарған.
1978 жылғы 21 тамызда ЕЦ-166/5 мекемесінде жаза өтеуші сотталғандар көтеріліп, әкімшілікке бағынбай, қызметкерлерге қарсы көтеріліс ұйымдастырған. Ішкі қызмет аға лейтенанты Николай Голованчук өз өмірін қатерге тігіп, ерлігі мен батырлығын көрсетіп, қызмет барысында қанды қылмысткердің қолынан қаза болған. КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының Жарлығымен Н.Голованчук «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Жыл сайын ЕЦ-166/5 мекемесінде Н.Голованчукты еске алу шарасы ұйымдастырылып, мекеменің алдында орнатылған ескерткішіне және зират басындағы стелласына гүл шоғы қойылып, бір минут үнсіздік өткізілді.