Атырау полицейлері донорлық эстафетаны жалғастырды
Атырау полицейлері донорлық эстафетаны жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастау болған донорлық эстафетаны қолдап, қан тапсыруға қатысты.
Полицейлер үшін осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізу – игі дәстүр. Тәртіп сақшылары жылына бірнеше рет қан тапсырады. Дәрігерлер полицейлердің донор ретінде ерекше бағаланатынын атап өтті. Олар денсаулығына, дене шынықтыруына назар аударады, сәйкесінше, олардың қан көрсеткіштері өте жақсы.
Бұл іс-шара көптеген науқастар, оның ішінде жаңа туған балалар үшін өмірлік маңызы бар ерікті қан донорлығының кең таралуына өз үлесін қосуға арналған.