Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” іс-шарасы: Қызылордада 117 құқық бұзушылық анықталды

“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының кезінде 117 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының 25 күнінде 5 212 қару тексеріліп, 117 құқық бұзушылық анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына (Қаруды заңсыз иемдену) сәйкес бір дана иір ойықты қару тәркіленді.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Қаруды заңсыз иелену) заңсыз айналымнан 36 қару тәркіленіп, 484-бабы бойынша (Қаруды сақтау ережесін бұзу) 44 азаматқа, 486-бабымен (Қару тіркеу ережелерін бұзу) 37 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен 769 шаруа қожалықтар тексеріліп, заңсыз айналымнан 36 қару тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру