Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай ауданында бұрын жасалған мал ұрлығы ашылды

Шымкентте ұрланған жылқы иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында,жергілікті жердің тұрғынының бір бас жылқысы Түркістан облысы Сайрам ауданының жайылым жерінен тауып, иесіне қайтарылды. Бұл – бір ғана мысал. 

2021 жылдың 23 мен 25 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша 10 мал ұрлығы тіркелді. Оның алты дерегі өндірісте тұр. 

Атап айтсақ, Абай АПБ-мен бұрын жасалған екі ұрлық дерегі, бір алаяқтық дерегі ашылды және бір іздеудегі  азамат ұсталды. Әл-Фараби АПБ-мен бұрын жасалған үш ұрлық дерегі ашылды.  Еңбекші АПБ-мен бұрын жасалған 3 ұрлық дерегі ашылды.  Қаратау АПБ-мен  бұрын жасалған бір ұрлық дерегі және бір алаяқтық  дерегі ашылды. 

“Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мал тасымалдайтын автокөліктерді анықтап, профилактикалық жұмыстар жүргізді. 

Аудандық полиция басқармаларымен мал сататын орындарды, ет өнімдерін алып сататын базарларда, дүкендерде, сонымен қатар қала көлеміндегі қасапшылар  арасында тексеру  жұмыстары жүргізілді. 

“Мал ұрлығы” қылмыстарын алдын-алуға, ашуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мал иелеріне мал ұрысының құрбаны болмас үшін  малдарын қараусыз  қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, таңба мен ен салуды ұсынады. Мал ұрлығы орын алса немесе жоғалған жағдайда “102” телефонына тез арада хабарлауға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру