Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте белгіленбеген орында сауда жасағандар анықталды

Шымкентте белгіленбеген орында сауда жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері абаттандыру қағидалары мен инфрақұрылым объектілерін бұзу, күл-қоқыс тастау жайттарын анықтау бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Мәселен, №20 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері әкімшілік аумақты аралау барысында бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Яғни  “Самал” мөлтек ауданы Байтұрсынов және Қазиев көшелерінің бойында бейберекет сауда-саттық жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.  Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) және  ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру