Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде “Үміт – 2026” байқау-көрмесі өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде “Үміт – 2026” байқау-көрмесі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, табиғаттың, өнер және әдебиет туындыларының сұлулығын түсіну қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға ізгілікпен қарауды нығайту мақсатында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен “Үміт – 2026” картиналар мен қолданбалы өнер бұйымдарының байқау-көрмесі өткізілді.

Байқауға Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің барынша жоғары, орташа және төмен қауіпсіздік мекемдерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың, сондай-ақ әйелдер колониясындағы сотталғандардың жұмыстары қатысты. Көрмеде картиналар, сәндік композициялар, қолдан жасалған бұйымдар және қолданбалы өнердің басқа да туындылары ұсынылды.

Ұсынылған жұмыстарды объективті бағалау мақсатында құрамына облыстың Суретшілер одағының, өлкетану музейлерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген байқау комиссиясы құрылды.

Комиссия мүшелерінің ерекше назарын барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыстары аударды. Қатысушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, соның ішінде әшекей бұйымдарға арналған қобдишаны, картиналар мен сәндік әшекейлерді ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орын алған бұйымдар мен картиналар қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне республикалық байқаудың келесі кезеңіне қатысу үшін жолданады.

- “Үміт – 2026” байқауы сотталғандарға өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, ішкі әлеуетін жүзеге асыруға және өнер арқылы өзін танытуға мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек эстетикалық талғамды, жауапкершілікті, ұқыптылықты және жасампаздыққа деген ұмтылысты қалыптастыруға ықпал етеді. Әр адамның өз күшіне сеніп, өміріндегі оң өзгерістерге қарай қадам жасау мүмкіндігі болуы маңызды.

Осындай байқауларды өткізу сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пайдалы жұмыспен айналысуына және оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Өнер мен қол еңбегі сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тиімді құралдарының бірі ретінде олардың қабілеттерін ашуға және одан әрі тұлғалық дамуға деген ұмтылысын қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Айдын Уваисов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру