Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 250-ге жуық мектеп оқушысына қауіпсіздік сабағы өткізілді

Абай облысында 250-ге жуық мектеп оқушысына қауіпсіздік сабағы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы №38 орта мектепте "Заң және тәртіп" қағидаты аясында 250-ге жуық жасөспірім қатысқан арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі тақырыбы – "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" болды. Лекцияны қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Мейірбек Нүрекенов өткізді.

Ол өз сөзінде құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды:

- Құқық бұзушылық – тек жазалау шарасымен шектелетін мәселе емес, ол адамның болашағына және қоғамдағы орнына тікелей әсер ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сондықтан әрбір жасөспірім өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құқықтық нормаларды білу – өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамда заңды әрі сенімді азамат ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді, – деді Мейірбек Нүрекенов,

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың түрлері мен олар үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ күнделікті өмірде қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бойынша практикалық кеңестер берілді.

Мейірбек Нүрекенов  атап өткендей:

- Ең бастысы – өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның, әсіресе жастардың ортақ жауапкершілігі. Құқықты білу және оны құрметтеу – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімділіктің негізі, – деп атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық білімдерін нақты мысалдар арқылы толықтырды. Қорытындысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру