Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласының 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175  мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды. Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен.

Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалаудың ауыр қылмыс екенін еске салады. Егер сіз қорқытып-үркіту немесе заңсыз талаптардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру