Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қоқысты белгіленбеген жерге тастаған тұрғын камера арқылы анықталды

Абай облысында әлеуметтік желілерде Бейбітшілік аралында қоқыс тастау мәселесіне қатысты жергілікті тұрғынның наразылығын білдірген бейнежазба жарияланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды зерделеу барысында автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі арқылы құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Оның 10 қыркүйек күні ГАЗель автокөлігімен қоқыс шығарып, оны белгіленбеген жерге тастаған Семей қаласының 46 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Ер адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, аталған құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Полиция қоғамдық орындардың тазалығы әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін еске салады.

Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды тіркеп, заң талаптарын бұзған тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамаңыздар. Тазалықты сақтап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараңыздар және заң талаптарын орындаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру