Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталды

Абай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде Семей – Павлодар тасжолында Lexus LX570 жүргізушісінің қарсы бағытқа шығып кеткен видеосын анықтады. Жүргізушінің жеке басы жедел анықталды.

20 жастағы жүргізуші жауапқа тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Әлеуметтік желіде танымал болу жолдағы қауіпті әрекеттер арқылы жасалмауы тиіс. Нағыз бедел – заңды құрметтеу, жолда жауапкершілік таныту және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін ойлау арқылы қалыптасады. Осындай әрекеттер көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырып, қоғамға үлгі болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру