Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында үш баласына 9 млн теңге қарыз әке жауапқа тартылды

Абай облысында үш баласына  9 млн теңге қарыз әке жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған үш баласына 9 млн теңге қарыз
37 жастағы әке жұмыска орналасуға және балаларына алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бар болып үш жыл төлем жасаудан жалтараған. Осы уақыт ішінде алимент құны 9 млн теңгеден асқан.

Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалып, бүкіл мерзім ішінде жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

– Менің алимент төлеуге мүмкіндігім болмады, кездейсоқ табыстармен жүрдім, сол табыстарды өзімнің және екінші отбасымның қажеттіліктеріне жұмсадым. Мен алимент төлеуден бас тартпаймын және табысымнан біртіндеп өтеуге бар күшімді саламын, – деп түсіндірді сотталған.

– Сотталған Абай облысы бойынша Бородулиха аудандық пробация кызметі есебіне койылды. Жұмыска орналастырылды және алимент төлейді. Барлығы кәмелетке толмаған бес баласы бар, үшеуі бірінші некеден, екеуі екінші некеден туған балалар, – деп түсіндірді пробация қызметінің бастығы Каскен Бодаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру