Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының мекемелерінде барлығы 2107 камера орнатылған

Абай облысының мекемелерінде барлығы 2107 камера орнатылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы әйелдер колониясында 335 үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар сотталғандар тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Камералар мекеменің барлық периметрі бойынша: тұрғын үй жасақтарында, тәртіптік изоляторларда, өндірістік объектілерде, сондай-ақ колонияның іргелес аумағында орнатылған.

– Орнатылған камералар сотталғандардың құқыққа қайшы әрекеттеріне жедел ден қоюға, дәлелдемелік базаны қамтамасыз етуге, сондай-ақ сотталғандарды да, мекемеге баратын адамдар мен мекеме қызметкерлерін де тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды БҚБ бастығының орынбасары Ардақ Қапасова.

Абай облысының мекемелерінде барлығы 2107 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру