Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады

Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Күдіктілер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың қатысуымен интимдік фотосуреттер мен бейнелерді таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

– Чат-бот арқылы зардап шеккендерге алдымен бейнеге билеп, содан кейін киімдерін шешу ұсынылған. Әр манипуляция үшін донат қыздарға электронды ақша түрінде түсті. Соңында бот бұл бейнелерді әлеуметтік желілерге таратпау үшін өзіңіз төлеуіңіз керек деген хабарлама жіберді. Егер ақша болмаса, онда сіз таныс адаммен онлайн режимінде жыныстық қатынасқа түсуіңіз керек, – деді ҰҚҚІҚБ бастығы Серік Байгонов.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазірдің өзінде 40-қа жуық қыз бопсалаушылардың ықтимал құрбаны болғаны анықталды.

Іс бойынша интимдік фото және бейне материалдары бар электрондық ақпарат тасығыштар тәркіленді. Олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр..

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру