Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында интимдік қызмет көрсетуге үй-жайларын ұсынған боди-массаж салондарының иелері ұсталды

Павлодар облысында интимдік қызмет көрсетуге үй-жайларын ұсынған боди-массаж салондарының иелері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайларды ұсынғаны үшін дене массажы салондарының екі иесі жауапқа тартылды.

– Облыс орталығында 40 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел Генерал Дүйсенов пен Академик Сәтбаев көшесінде орналасқан өз үй-жайларын жезөкшелікпен айналысуға берген. Фактілерді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты.

Иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, сот әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде полиция қызметкерлері притондар мен интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды ұйымдастыру фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Мекемелер жыныстық қатынас жасау фактілерін анықтау, жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін көрінеу үй-жайлар беру тұрғысын тексерді. Нәтижесінде 30-дан астам монша кешендері мен сауналар, 3 дене массаж салоны, 7 қонақ үй және 40-қа жуық жалдамалы пәтер қаралды.

Полицияға: интимдік қызмет көрсеткені үшін 35 адам, қоғамдық орында адамға тиіскені үшін 17 адам, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай ұсынғаны үшін 2 азамат жеткізілді. Сонымен қатар 19 адам есепке алынды, оның ішінде 1 транссексуал.

Мысалы Павлодар қаласының қабылдап-тарату орнына 2021 жылы Өзбекстан Республикасынан келген 33 және 38 жастағы екі қыз орналастырылды, полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру