Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полиция департаменті мектеп мұражайына криминалистің чемоданын табыстады

Абай облысының полиция департаменті “Жас Ұлан” ұлдарға арналған бейінді мектеп-лицейінің мұражайына криминалистің чемоданын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жас Ұлан” лицейі – болашақ офицерлерді 10 жастан бастап оқытатын республикадағы алғашқы және жалғыз оқу орны. 23 жыл ішінде 1200 түлекті дайындап шығарды.

Отанға деген сүйіспеншілік пен оны  барлық уақытта кез-келген зұлымдықтан қорғауға деген ұмтылыстың ең берік негізі – әскери-патриоттық бейімділікпен сапалы білім беру.

Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Елдос Закимов “Жас ұлан” дарынды балаларға арналған бейінді мектеп-лицейіне бірінші рет барып отырған жоқ. Бұл жолғы сапардың мақсаты – оқиға орнындағы жағдайды тексеру және құжаттауға арналған криминалистикалық чемоданды тапсыру болды.

– Бүгінгі кездесудің мақсаты – ең алдымен болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу үшін кәсіптік бағдар беру сабағын өткізу. Полицияға сауатты, білімді және білікті қызметкерлер қажет. Сондықтан бүгінгі күні лицей мен полиция департаментінің басты міндеті жастарды ең жақсы білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету, – дейді Елдос Закимов лицей тыңдаушыларына арналған сөзінде.

Лицей басшысы полиция бастығының орынбасарына өскелең ұрпақты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін  алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру