Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының қылмыстық атқару жүйесінде ауған ардагерлерінің кездесуі өтті

Абай облысының қылмыстық атқару жүйесінде ауған ардагерлерінің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есте қаларлық дата қарсаңында Абай облысындағы ҚАЖ департаментінің 21 мекемесінде ауған ардагерлерінің дәстүрлі кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында тәжік-ауған шекарасы жайлы бейнероликтар көрсетілді.

Ержүрек азаматтар мекеме қызметкерлерімен естеліктермен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді.

– Тарихи оқиғаларға баға беру қашанда қиын. Біз шекараны қорғадық. Сонда бізге – алдымен Отанды, содан кейін өзіңді ойла, – деп айтатын. Біз осылай өмір сүрдік, жұмысқа солай қарайтынбыз. Ол уақыт мәңгі есте қалатын тарихи оқиға. Адал қызмет етіп, еліміздің тыныштығын бағалаңыздар, – деп өз ойымен бөлісті тәжік-ауған шекарасында азаматтық борышын өтеген Азат Аубакиров.

Азат Аубакиров осы 21 мекемеде бақылаушылар бөлімінде қызмет етіп, 45 жасында еңбек өтілімен зейнеткерлікке шыққан ардагер. Мекеменің жас қызметкерлерімен осылай кездесіп өзінің ақылымен, тәжірибесімен бөлісіп тұрады.

Тәртіп бөлімінің бастығы Азамат Смаилов сөз сөйлеп, ерліктері үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру