Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ағаңды түрмеден шығарып беремін”: сарыағаштық алаяқ-ғашықтар қолға түсті

Түркістан полицейлері алаяқтықпен айналысқан ғашықтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, белгісіз екі адам түрмеде жатқан ағасын шығарып беретінін айтқан. Және ол үшін жәбірленушіден үш миллион теңге алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтып не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамаған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдікті екеудің жеке басын анықтап, ұстады. Олар орта жастағы екі жергілікті тұрғын, жігіт және оның сүйіктісі болып шықты. Ғашық жұптар осылай жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындады. Полиция бұл жұптың бұрындары да алаяқтық жайтымен сотты болғандарын жоққа шығармайды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және жеке деректерін ешкімге бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру