Әйелдер киімін киген пәтер ұрысы 4 млн теңге тұратын гауһар тасты ұрлап кетті
Әйелдер киімін киген пәтер ұрысы алматылықтардың үйінен құны төрт миллион теңге тұратын гауһар тасты ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны ұстау іс-шарасын қалалық Криминалдық Полиция басқармасының және Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізген. Бірқатар ұрлық жасағаны үшін 1971 жылы туған Я. ер адам азамат ұсталды.
- Қаскөй басқа адамдардың пәтерлеріне кілтті таңдау арқылы кіріп, негізінен зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кеткен. Қаскөй бірнеше рет бейнекамералардың обьективіне түсіп қалған. Бір кезде күдікті іс-әрекетінің қолжазбасын өзгертуді ұйғарып, ұрлыққа әйелдер киімі мен паригін кие бастайды. Оның соңғы жасаған қылмысы қараша айының басында тіркелген. Жетісу-2 шағын ауданында пәтерден төрт миллион теңге болатын бағалы заттарды алып шыққан. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас сегіз оқиғаға қатысы бар екені дәлелденді, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған азамат - 50 жастағы Ресей Федерациясының тумасы, бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдіктіге қатысты тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған адамның "қызметінің" қосымша эпизодтарын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.