Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді қорғау инспекторының күнделікті тыныс-тіршілігі

Адамдардың басым бөлігі полицияға оқыс оқиға орын алғаннан кейін ғана жүгінеді. Алайда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі — мұндай қасіреттің алдын алу, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бағыттағы жұмыс туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Алена Мокина айтып берді.

Алена Мокинаның айтуынша, азаматтар көбіне отбасылық жанжалдарға, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық жағдайларына тап болады. Көбінесе әйелдер қорқыныштан, агрессорға тәуелділіктен немесе отбасын сақтап қалу ниетінен көмек сұрауға ұзақ уақыт бойы батылы бармайды.

Қорғаудың тиімді шараларының бірі — құқық бұзушының заңсыз әрекеттерін шектеуге және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қорғау нұсқамасы.

Әрбір өтініштің артында нақты тағдырлар тұр. Мысалы, бір жағдайда полицияның уақытылы араласуы, қорғау нұсқамасын шығару және агрессорды бақылауға алу отбасындағы зорлық-зомбылықтың жалғасуына жол бермей, әйел мен балаларды қорғап қалуға көмектесті. Тағы бір жағдайда полиция мен әлеуметтік қызметтердің бірлескен жұмысы әйелге көпжылдық дағдарыстық жағдайдан шығып, өмірін жаңадан бастауға септігін тигізді.

— Біздің міндетіміз — зорлық-зомбылық фактілеріне жауап қату ғана емес, сонымен бірге олардың алдын алу үшін барлық мүмкіндікті жасау. Кейде полицияға жасалған бір уақтылы қоңырау біреудің тағдырын өзгерте алады, — деп атап өтті Алена Мокина.

Әйелдерді қорғау жұмысы — азаматтардың қауіпсіздігіне күнделікті қамқорлық және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру