Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйеліне ерегесіп,пәтерді өртеп жіберді

Көкшетау қаласындағы жатақханадағы өрттің себебін Ақмола полицейлері тексеруде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда сағат түнгі 2-де Көкшетау полициясына жатақхана тұрғынынан Н. Назарбаев көшесі бойында жұбайымен жанжалдасқаннан кейін пәтерді өртеп жіберген. Өзі 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткендігі туралы хабар келіп түсті.

Кейін 35 жасар ер адам көп салалы облыстық ауруханада көз жұмды. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, 120 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен кейін емдеу мекемесіне қаза тапқан адамның жұбайы, сондай-ақ жатақхананың екі тұрғыны иіс тиіп жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру