Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Психологиялық қамтамасыз ету тобының ұйымдастыруымен тренинг өтті

Қызылорда облысында мекемедегі істі болғандарға психологиялық тренинг өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде  психологиялық  қамтамасыз ету тобы психологының ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  «педогогика және психология» кафедрасының оқытушысы Райхан Аманбайқызы қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.

Аталған шараның негізгі мақсаты-жазасын өтеуші азаматтардың орта жағдайында өзін ұстауын , өзін-өзі тану мен реттеуін,  тұлға аралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған білім деңгейін арттыру болып табылады. Тренинг барысында қоршаған ортаны тануға, ой біліктілігінің дамуы сезіндіріп, «Мен басқаның көзімен», « Өрмекші торы», «Жүйрік ой», атты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.Тренинг бір жағынан барынша жинақылыққа, психологиялық жағынан тұлғаның ішкі қарама-қайшылықтарын шешуге бағытталған. Жазасын өтеуші азаматтар тренингте барысында тығырықтан шығу жолдарын қарастырып, ұйымдасқан түрде белсене қатысып,ой бөлісу сәтінде бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп,бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру