Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауғанстан ардагерін ҚАЖД қызметкерлері құттықтап қайтты

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖД мекеме қызметкерлері мекеме ардагері қазіргі таңда құрметті зейнеткер Мухин Александр Сергеевичті құттықтап қайтты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

1979 жылы желтоқсан айында Кремельге мүшелерін бірнеше рет жинап Саяси бюро соңғы шешімін шығарды. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 1989 жылдың 15 ақпанында 40-Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громовтың «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп баяндаған уақытына дейінгі 10 жылға жуық мерзімде соғыс қимылдарын жүргізді. Оған КСРО елдерімен қатар Қазақстаннан 22 мың адам қатысып,олардың 761-і қаза тапқан, 21-і хабарсыз кеткен.

Биыл Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай 2020 жылдың 14 ақпан күні ШҚО ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесі бастығы К.К.Жусуповтың бастамасымен мекеме ардагері қазіргі таңда құрметті зейнеткер Мухин Александр Сергеевичті құттықтап қайтты. Мухин Александр Сергеевич 26.10.1957 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген.1886-1889 жылдың ақпан айы аралығында Ауған жеріндегі соғысқа қатысып, соғыс қимылдарында ерекше ерлігімен көзге түскен. Ардагеріміз бүгінгі таңда «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «ШҚО оңалту орталығы»» ШЖҚ КМК, ем қабылдап жатқандықтан мекеме ұжымының атынан құттықтап, сыйлықтарын табыстап, ардагерімізге жылы лебіздерін білдіріп қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру