Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған астаналықты алдап кеткен қарағандылық азамат ұсталды

Әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған астаналықты алдап кеткен қарағандылық азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 жасар баланың ата-анасы полицияға хабарласып, оның баласын алдап, 37 мың теңге ақшаны иемденіп кеткен алаяқ туралы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, Вконтакте әлеуметтік желісінде баласының досы оған хат жазған. Байланыс барысында ол анасының ауруханаға түскенін хабарлап, қарызға ақша сұраған. Жәбірленуші өтінішін қабылдап, оған көмектесуге ниет білдірген. Ойланбастан, жеткіншек Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақша жіберген.

Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған өзінің виртуалды “досына” алданғанын түсінген және бұл туралы ата-анасына хабарлаған.

Жедел іс-шаралар барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіттің осыған ұқсас қылмыстардың 17 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта қарағандылыққа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға қылмыстық кодекс бабының санкциясы осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру