Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын құрбысының шотынан ақша ұрлаған

Ақмолалық тұрғын құрбысының шотынан ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурыз күні Біржан Сал ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінің 19 жастағы тұрғынынан ағымдағы жылдың 22 қаңтарында белгісіз тұлға оның банктік картасынан 25 мың теңгеден астам сома ақша ұрлағаны туралы шағым түсті. Ол сатып алу ақысын төлегісі келгенде ақшаның жоғалғанын анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушінің бұрын-соңды істі болмаған 26 жастағы құрбысы болып шықты. Белгілі болғандай, зардап шеккен адамның ұялы телефоны болмаған. Құрбысы одан қарызға ақша сұрағанда, ақмолалық досының телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатып, оның көмегімен қажетті соманы өз шотына аударған. Кейінірек, банктік қосымшаны өшірмеген құрбысы зардап шегушінің рұқсатынсыз пайдаланған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру