Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталғандардың аналары екі рет тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізбек болған

Алматы облысының ЛА-155/16 және ЛА-155/8 түзеу мекемелеріне бір күнде екі рет тыйым салынған заттарды кіргізбек болған адамдар әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.2020 жылдың 11 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/16 (аралас қауіпсіздігі) мекемесіне сотталған азаматша Ж.Ә.-ге анасы азаматша И.К. азық-түлік пен қажетті керекті заттарды беруді ұсыну уақытында, спроттық аяқ киімінің бір жұбынан сұр түсті “Nokia” маркалы ұялы телефоны, ал екінші жұбынан, аталған ұялы телефонға арналған зарядтау құралғысы және “ALTEL” сим-картасы табылып, тәркіленген.

Дәл осы күні, Департаментке қарасты ЛА-155/8 (қауіпсіздігі жоғары) мекемесінде де осыған ұқсас жағдай тіркелген. Бірақ бұл ретте соттаған К.Э.-ның анасы азаматша К.А., баласына алып келген сәлем-сауқатының ішінен үш мың теңге ақша тәркіленді. Аталған ақшаны сотталғанның анасы темекі қорабының ішіне жасырын түрде тығып, алып өтпек болған.

– Барлық келушілер, бұл сезікті-айыпталушы және сотталған азаматтардың туыстары және басқа адамдар түзеу мекемелерінде қолдануға тыйым салынған заттар туралы үнемі ескертіледі. Алайда тыйым салынған заттарды беру әрекеті әлі де тоқтар емес. Бұл ретте мекеме қызметкерлерінің аса қырағылына өзінің оң бағасын берген жөн. Себебі күнделікті келіп жатқан мыңдаған сәлем-сауқаттардың ішінен тыйым салынған заттарды табу оңай жұмыс емес. Жедел ақпараттардың дер кезінде алынуы да маңызды іс-шара, – деді аймақтық департамент бастығы Серік Әбдікәрімов.


Қыркүйек айында Алматы облысында орналасқан түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды заңсыз тәсілдермен өткізудің бұлардан басқа екі
дерегі тіркеліп, түзеу мекемелерінің қоршауынан лақтыру фактілерінің жолы кесілген болатын.

1) http://polisia.kz/zhetisu-turmesine-eki-ret-esirtki-laqtyrmaq-boldy/

2) http://polisia.kz/ru/sel-chanin-pytalsya-perebrosit-butylki-s-neizvestnoj-zhidkost-yu-na-territoriyu-kolonii/

Аталған деректер бойынша мекеме қызметкерлерімен бастапқы іс-құжат қағаздары жиналып, ҚР ӘК-нің 428-бабының 1-бөлігі бойынша, кінәлі адамдарды әкімшілік жазаға тарту үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру