Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында танысының малдарын талан-таражға салған малшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында танысының малдарын талан-таражға салған малшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кербұлақ ауданының тұрғыны жергілікті полицияға арыз беріп, екі жыл бұрын танысына сеніп тапсырған малдарының жоқ екенін хабарлаған. Алдын ала тексеру кезінде зардап шегуші бірнеше қойы мен қозыларын Малайсары ауылындағы танысына бағып беру мақсатында сеніп тапсырғаны анықталды.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады және белгілі себептерге байланысты малдардың жоғалғанын айтты. Күдікті тергеу аяқталғанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттеме алды, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Зардап шегуші өзінің материалдық шығынын 270 мың теңгеге бағалаған. Егер зардап шегушінің шығынын өтемеген жағдайда, күдікті ірі көлемде айыппұлдан бастап үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру