Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Instagram”-дағы фотодағыдай сәнді болмады: Павлодарда бойжеткен гүл сатушысына арызданды

Павлодарда бойжеткен гүл сатушысына арыз жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз қарсаңында кейбіреулер толып жатқан гүл сататын дүкендердегі гүл шоқтарына асығады, ал басқалары әлеуметтік желілердегі гүл парақшаларына тапсырыс береді. Сонымен, 8 наурызда ашуланған қыз гүл дүкеніндегі сатушы ақшасын қайтармады деп Павлодар қаласының полициясына қоңырау шалды.

– Шақыртуды пысықтаған кезде полицейлерге бойжеткен “Instagram” арқылы анасына 8 наурызға құны сегіз мың теңге тұратын гүл шоғына тапсырыс бергенін түсіндірді. Сатып алу шарттарына сәйкес тапсырысты алдын-ала төледі. Белгіленген уақытта гүл әкелінді, бірақ оған ұнамады, ол “Instagram”-дағы фотодағыдай сәнді болмады. Полицейлердің араласуынан кейін дау-дамай басылды, ақша қызға толық көлемде қайтарылды, – деді Павлодар қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

– Анамды қуанту үшін мен тағы бір шоқ гүлге тапсырыс бердім, басқа жерге, бірақ қуанышқа анам 9 наурызда ғана бөленді, – деді бойжеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру