Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіледі

Алматы облысының полицейлері ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Жамбыл аудандық бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп Ұзынағаш ауылында Қарғалы ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді, қоңыр түсті, ерекше иісі бар заты бар полиэтилен пакет тәркіленді. Дерек аудандық полицияда есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау бойынша тіркелді.

Аталған дерек бойынша тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалық зерттеу нәтижелері тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,56 гр болатын синтетикалық “жылдамдық” препараты, яғни Альфа-PVP екенін көрсетті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру