Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері кісі өлімін ашты

Алматы облысының полицейлері кісі өлімін орын алған қылмыстың “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 03.30-да Алакөл АПБ кезекші бөліміне Үшарал қаласындағы аудандық ауруханадан 21 жастағы тұрғынның оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Алған жарақаттарының салдарынан зардап шегуші қайтыс болды. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 9-тармағының 2-бөлігі бойынша ресми тіркелген соң полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында, үш сағат ішінде көрші ауылдың еш жерде жұмыс істемейтін оқиға орнынан із суытқан 23 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Полицейлер А.Оспанов, Д.Әлімжанов сынды жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторы Н. Қорабаевтың үйлесімді жұмысының арқасында күн батқаннан кейін қылмысқа қатысы бар тұлға құрықталды. Ұсынылған бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады, – деді Алакөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары  Саят Слямов.

Қайғылы жағдайға әкеп соққан аңшы мылтығы екені анықталып, мылтық күдіктінің айғақтарын тексеру барысында қылмыс орнының маңындағы қараусыз қалған ғимараттан табылды. Сондай-ақ, жалғыз ұңғылы басқа аңшы мылтығы қамыс өскен су астынан шығарылды.

– Алдын ала тергеу барысында ауыр қылмысқа барудың негізгі себептері жұмысы жоқ жастардың еш себепсіз көше қаңғыруы. Жастар арасындағы дөрекілік кикілжіңге ұласып, соңы төбелес пен адам өліміне әкеп соққан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп толықтырды Саят Слямов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру