Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның 2 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ анықталды

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жайтын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда қала тұрғыны полицияға оған қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы айтып арызданған. 2020 жылдың 21 қаңтарында 1972 жылы туған әйел “банктен 20 миллион теңге көлемінде несие алып беремін” деп, одан екі миллион теңге ақшасын алып кеткен.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) тіркелді.

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті Түркістан облысының тұрғыны, полицияға жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру