Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Алматы полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады. Бұндай шешімді Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері бірауыздан қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыстық №1 балалар үйіне жәшік сыйлықтармен және көтеріңкі көңіл-күймен келді. Үлкен залға сәбиден жасөспірімге дейін жиналды. Онда полицейлер конкурстар мен спорттық жарыстар өткізді.

Ойын-сауыққа барлық балалар қатысты, ал ерекше көзге түскен балалар сыйлықтармен қатар жарыстарда жеңімпаз атанғандары үшін жүлделермен марапатталды.

Балалар үйінің басшылығы өз кезегінде ата-ана мейіріміне, ілтипатына зәру бүлдіршіндерге мейірімділік танытқан тәртіп сақшыларына шынайы алғысын білдірді.

Тәртіп сақшылары мұндай науқандарды бірнеше жылдан бері өткізіп келеді, балалар қала полицейлерінің жаңа жылдық сыйлықтарын асыға күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру