Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері студенттердің қатысуымен іс-шара өткізді

Алматы полицейлері студенттердің қатысуымен іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері бірлесе отырып, жол апатынан қаза тапқан балаларды еске алды.

– Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні аясында науқанға қатысушылар әл-Фараби даңғылы мен Үшкемпіров көшесінің қиылысында орналасқан аллеядағы ағаштарға ақ түсті лента байлады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері Алматыда 2991 дерлік жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84 адам қаза тапты, оның 11-і кәмелетке толмаған, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Серік Шумаев.

– Ақ түс – тазалықтың белгісі. Ал балалар ең таза, ең бейкүнә жаратылыс. Жол-көлік оқиғаларындағы балалар өлімі бізді қатты алаңдатады және біз, болашақ мұғалімдер, көлік жүргізушілерінің бізді естігенін қалаймыз. Осылайша, біз олардан жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен асырмауларын сұраймыз, – деді науқанға қатысушылар.

Шара соңында студенттер жүргізушілерге мектеп оқушыларының салған суреттерін табыстады.

Бұл суреттерде балалар жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және оларға қамқорлық жасауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру