Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы 43 панасыз баланы анықтады

Алматы полициясы 43 панасыз баланы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында мүдделі қызметтер мен ведомстволарды тарта отырып, “Жасөспірім және көше” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

– Мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында немесе үйлерінен тыс жерлерде болу деректерін, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттер жасауға тартатын ересектерді, балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамайтын ата-аналарды, балалар еңбегін пайдалану, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату деректерін анықтау, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шараның 3 күнінде ІІО-ға әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 398 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде қараусыздығы және панасыздығы үшін – 43. Олар балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

– Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 30 жасөспірім мен 32 тұрмысы нашар отбасы анықталды және есепке алынды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны үшін, түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат берген 36 лауазымды тұлға мен 333 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, осы күндері балаларға алкогольдік ішімдіктерді, 20 темекі өнімдерін сатудың 21 дерегі анықталды, – деді Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру