Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы көшеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді

Алматы полициясы көшеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 жастағы Е.есімді азамат Әуезов ауданының полиция қызметкерлерімен ұсталды.

– ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен көп эпизодты қылмыстар жасаған адам ұсталды. Төле би даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында жас жігіт күш қолданып, қыздан IPhone телефонын ашық түрде ұрлап кеткен. Яғни, оның әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген қаскөй қыздың қасына жүгіріп келіп, соққы беріп, одан кейін оның қолынан телефонын тартып алған және қашып кеткен. Жәбірленуші полицияға жүгінген. Екі күннен кейін сол қиылыста күдікті тағы да шабуыл жасап, өтіп бара жатқан адамның телефонын тартып алған. Дәл сол кезде ол ұсталды, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жеке басы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру