Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының көші-қон қызметі шетелдіктерге жүгінді

Алматы қаласының көші-қон қызметі шетелдіктерге жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полициясы, жол жүру құжаттары, тұруға рұқсат, Қазақстан Республикасының визалары және уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі аяқталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылмай-ақ елден шығуын заңдастыру және рұқсат беру бойынша, ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешімінің аяқталатынын хабарлайды.

– Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елден шығару туралы сот шешімін дербес орындау мерзімі қайта басталды. Осыған байланысты, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат алу немесе қажетті санаттағы визаны алуы арқылы өз мәртебесін реттеуі немесе Қазақстан Республикасынан 2021 жылдың 5 маусымына дейін кетуі қажет, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру