Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 2 жасар ұл бала адасып кетті

Алматыда полиция жоғалған екі жасар сәбиді отбасына қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біздің бөлімнің кезекшісіне Бекмаханов көшесімен Сүйінбай көшесінің қиылысында жанармай құю бекетінің жанынан екі жасар баланың ересек адамсыз жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Сәбиді тапқан адамдардың айтуынша, бала өзі туралы ештеңе айта алмады. Дабыл сигналына бірінші болып № 92 ППБ учаскелік полиция инспекторлары жауап берді. Алдымен жақын маңдағы жеке секторды, тұрғын ауданды тексерді. Тұрғындармен сұхбат жүргізілді. Тұрғындардың бірі сәбиді таныды. Оның есімі – Андрей. Біздің қызметкерлер әйелдің көмегімен баланың туыстарын тапты. Андрюшаның анасы өз кезегінде поштаға аз уақытқа кеткенін және ұлын үлкен қызына қалдырғанын айтты, – деді Түрксіб аудандық ПБ бастығы Еркін Амантаев.

Баланың анасы көз жасын әрең ұстады. Ол ұлы үшін полицияға алғыс айтты.

– Мен бүгін баламнан айырылдым. Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың арқасында ол аман-есен табылды. Рахмет, – деді Андрейдің анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру