Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей азаматшасы министр мен павлодарлық полицейлерге алғыс айтты

Ресей Федерациясының тұрғыны Наталья Сташова ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, сондай-ақ Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құрметті Ерлан Заманбекұлы және Ғизат Дәуренбекұлы! Павлодар аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі полиция қызметкерлеріне аға лейтенант Аманжол Мейірханға және полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары подполковник Марат Самаровқа алғысымды білдіргім келеді. Олардың кәсібилігі мен қызметтік міндеттеріне адал көзқарасы үшін! Сонымен қатар, мен Павлодар ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Мұратбек Қасымовқа біздің ісімізді бақылауда ұстағаны үшін өте ризамын. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында барлық дәлелдер жиналып, қаскүнем ұсталды, – дейді азаматша Наталья Юрьевна.

2016 жылы оның кәмелетке толмаған қызының телефонына әдепсіз мазмұндағы фотосуреттер түсе бастады. Әйел полицияға жүгінді. Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары қаскүнемнің Павлодар облысының аумағында тұратынын анықтады. Сондықтан осы іс бойынша барлық материалдар Қазақстанға жіберілді, онда полиция қызметкерлері тиімді жұмыс нәтижесінде қылмысты аша алды. Кінәлі адам сотталды, оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру