Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бейнетіркеуіш ұрлаған азаматтың әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Алматыда бөтен біреудің автокөлігінен бейнетіркеуіш құралды ұрлап жатқан азаматтың қылмыстық әрекеттері сыртқы бақылау бейнекамерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған 1992 жылы туған азамат бөтен біреудің көлігінің жүргізуші жағындағы терезесін сындырып, сол жерден жасырын түрде бейнетіркеуішті ұрлап кеткен.

Алайда ұры екінші көліктен ұрлық жасағаннан кейін “ізі суымай” ұсталды.

– ПД-нің Жедел басқару орталығынан біздің ауданда жасалған ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Дереу учаскелік полиция қызметкерлері тартылды, олар оқиға орнына жедел жетіп, көрші үйде орнатылған камералар қылмыс болған жерді түсіріп тұрғанын байқады. Бейнебақылау камерасындағы жазбаның арқасында күдіктінің бейнесі мен сыртқы белгілері анықталды, содан кейін оны жақын маңда орнатылған басқа камералардан көре бастады. Әрі қарай қаскүнем жолаушы ретінде отырған көлік белгілі болды. Одан әрі белгіленген көліктің бағыты қаланың бейнебақылау жүйелері арқылы қаралды. Ұстауға УПП-92 және УПП-89 учаскелік инспекторлары кетті, олар күдіктіні “ізін суытпай” Жетісу ауданының аумағынан ұстады. Онымен бірге заттай айғақ – ұрланған бейнетіркеуіш болды. Жауап алу кезінде ұсталған адамның өзі алдыңғы түні осыған ұқсас қылмыс жасағандығын мойындады, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның қала ішінде осыған ұқсас екі қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру