Қарағандылық полицейлер адам тонаған күдіктіні құрықтады
Қарағандыда полицейлер адам тонаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне сағат 20.00 шамасында ауданға қарасты мөлтек аудандардың бірінде тонау қылмысы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
Жедел-тергеу тобына 36 жастағы жәбірленуші кешкілік уақытта үйіне келе жатқанда оған белгісіз біреудің кенеттен шабуыл жасап, қолындағы құны 125 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткені туралы шағымданған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
25 қаңтар күні криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Одан жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленіп алынды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.