Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Келіссөз полициясы: қақтығысты шешудегі халықаралық тәжірибе” тренингі өтті

Алматыда “Келіссөз полициясы: қақтығысты шешудегі халықаралық тәжірибе” тренингі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға 40-қа жуық мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары академиялық курстардың тыңдаушылары, Алматы қаласының полиция департаментінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тренинг барысында полиция мен қоғамның өзара әрекеттесуі, оның әртүрлі елдерде қолдану тәжірибесі, полиция қызмет ету әдістерін енгізудің негізгі бағыттары, Қазақстандықтардың наразылық акцияларына қатысу және қатыспау себептері, САРА әдістемесі және күрделі мәселелерге бағытталған көзқарас, полиция жұмысының және халықтың ішкі істер органдарына сенімі және басқа да мәселелер талқыланды.

– 2019 жылы біз бейбіт жиналыс кезінде халықпен сындарлы диалог құралы ретінде “Полиция диалогын жүзеге асыру” атты бірінші семинар-тренинг өткіздік. Онда тар тыссыз құқық тәртібін қамтамасыз ету және шиеленісті азайтудың түрлі әдістері қарастырылды. Соңғы жылдардың тәжірибесі ішкі істер органдарының өкілдерін қоғаммен диалог құру және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде халықпен өзара әрекеттесу бойынша қосымша оқыту қажеттігін көрсетті. Үш күн бойы біз 40-қа жуық мемлекеттік органдардың өкілдерін, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары академиялық курстардың тыңдаушыларын, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыттық, – деді “Адам құқықтары үшін хартиясы” ҚҚ атқарушы директоры Турмагамбетова Жемис Утегеновна.

“Адам құқықтары үшін хартиясы” ҚҚ тренингті Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі мен және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Алматы академиясымен бірлесе өткізді. Тренинг Алматы қаласы әкімдігінің қаржылық қолдауымен өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру