Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғынын ауруханаға жедел түрде жеткізуге көмектесті

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынын ауруханаға жедел түрде жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің қызметкерлері Данияр Базанов пен Игорь Семин Жезқазған – Петропавл автожолын түнгі уақытта патрульдеді.

Сағат 21:44-те оларға Шал ақын ауданынан Петропавлға 82 жастағы әйел алып келген жедел жәрдемнің жүргізушісі жүгінді. Оны ертіп келген фельдшер науқастың жағдайы дереу ауруханаға жатқызуды қажет ететіндігін түсіндірді.

Сонымен қатар жолда медицина қызметкерлерінің көлігінде жарық пен сигналдық дауыс қондырғысы істен шыққан. Полиция қызметкерлері осы жағдай туралы дереу кезекші бөлімге хабарлап, жедел жәрдемді межелі жерге дейін жедел түрде ертіп барды.

– Зейнеткер мамандардың қолына тапсырылды, қызметкерлер трассаның өз учаскесіне қызмет көрсетуге оралды. Мұндай жағдайлар патрульдік тәжірибеде жиі кездеседі. Кезекшілікке келіп, батальон қызметкерлері жолдағы қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету бойынша тапсырма алады. Барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалауды және ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД ППБ командирі Уәлихан Оразалин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру