Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қызметік полиция туралы жобаның барысымен танысты

Алматыда қызметік полиция туралы жобаның барысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, полиция жұмысына қызметтік тәсілді енгізу тұжырымдамасы Алматыда ағымдағы жылдың мамырында ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевтың қатысуымен, қала әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған онлайн-кеңес барысында ұсынылған болатын. Бүгін жаңа тұжырымдама пилоттық жоба ретінде Бостандық пен Алатау аудандарында сынақтан өтуде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында полиция қызметінің қызметтік жобасының жүзеге асырылатынын жариялады. Сондай-ақ ол оның жұмысының табысы жан-жақты көмектесуі тиіс жергілікті биліктің қатысуына байланысты екенін атап өтті. Жақында ғана Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, сондай-ақ ел Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди Алматының ПД-де болды. Кездесу барысында қаламызда полиция қызметінің моделін енгізу мәселелері талқыланды. Бүгін біз осында жиналып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызметтік тәсілді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысты проблемалық мәселелерді талқыладық, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Полиция жұмысының қызметтік моделінің пилоттық жобасы “қадағалаудан” “қызмет көрсетуге” көшуді болжайды. Сонымен қатар полиция азаматтық қоғамның қатысуымен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың белсенді алдын алуға бағытталған.

– Шаһарда жаяу патрульдер күшейтілді, криминалды аймақтарда модульдік полиция пунктері орнатылуда. Сондай-ақ бейнебақылау желісі кеңейіп, қауіпсіздікті бақылаудың интеллектуалды жүйелері енгізілуде. Қабылданған шаралар ағымдағы жылдың сегіз айында қылмыс деңгейін 7,3%-ға азайтты. Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылу деңгейі 4,1%-ға жақсарды. Пилоттық жоба құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге көмектеседі. Алматыда белгілі бір аймақтағы қылмыстық ахуалға егжей -тегжейлі талдау жүргізген ведомствоаралық топ құрылды, сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті қоғаммен жемісті қарым-қатынас орнатты. Мақсат – қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін және онымен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілетті, есеп беретін орган құру, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру