Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің ұйымдастыруымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңеске Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Қайрат Дәлбеков төрағалық етті. Кеңес жұмысына Алматы қаласы прокуратурасының, Алматы қаласы полиция департаментінің ЖПҚ және Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты.

Аталған бас қосуда Алматы қалалық пробация қызметі бөлімдерінің есебінде тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне тартылған сотталғандар тарапынан жаза өтеу мерзімі кезінде қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қарастырылды. ҚАЖ департаментінің бастығы тарапынан пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандардың қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың бір құралы ретінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастыру үшін жұмыс тобын құруға ұсыныс енгізді.

Кеңес шешімі бойынша сотталғандарды жұмыспен қамту және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында арнайы жұмыс тобының құрамына ҚАЖ департаменті, прокуратура қызметкерлері, ПД ЖПҚ қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері кірді және жұмыс тобына нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру міндеттері жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру