Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сутенер кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген

Алматыда сутенер кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады. Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған А.есімді азаматша болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен. Белгілі болғандай, Алматы облысы, Кербұлақ ауданының тумасы, 1991 жылы туған Б.азаматша жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Қазіргі уақытта күдікті – Б.азаматша полиция қызметкерлерімен ұсталды. ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы шеңберіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру