Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобус жүргізушілерінің 400-ден астам құқық бұзушылығы анықталды

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 21-23 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ бұзуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері автобус жүргізушілеріне аялдамаларда буклеттер тарату бойынша акция өткізді және жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді.

Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша автобус жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ 400-ден астам құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 24-і жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 571-бабы), 16-сы мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудың болмауы үшін, 60 жүргізуші КҚ басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланған, 24 жүргізуші жылдамды асырған, 96-сы маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін. Сонымен қатар, автобус парктерінің жеті лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ең көп таралған құқық бұзушылықтар – ол қарапайым жол ережелерін сақтамау. Телефонды рульде келе жатып пайдалану, жылдамдықты асыру, тоқтау сызығынан шығу немесе жаяу жүргіншілерді жібермеу, қоғамдық көлік жүргізушілері жиі жіберетін ең көп кездесетін құқық бұзушылықтар болып отыр. Жұргізушінің жолда ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұл көлемі 5 АЕК немесе 13 мың теңгеге құрайды.

Қоғамдық көлік жүргізушілері екі есе жауапты. Себебі, олар автобус салонындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне және жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін жауап береді. Алайда, қоғамдық көлік жүргізушілеріне шағымдар аз емес. Жыл басынан бері тоғыз ай ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен жеті ЖКО орын алды, онда бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру